«Жалпы тiл бiлiмi» пәнiнiң алға қоятын мақсаты – студенттердi теориялық бiлiмiнiң ең негiзгi, өзектi мәселелерiнен хабардар ету. Оларға тiл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазiргi күйiнен, негiзгi бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты-басты проблемалардан бiлiм беру. Курс тiл ғылымның тарихы, тiл теориясы, тiл ғылымында¬ы әдiстер мен әдiстемелер, тiл бiлiмiнiң басқа ғылымдармен қарым-қатынасы сияқты мәселелердi қарастырады.
«Жалпы тiл бiлiмi» теориялық бiлiм берумен бiрге практикалық дағды қалыптастыру мәселелерiн де қарастырады.