Ескi түркi тiлi пəнiнiң зерттеу обьектiсi, түркi ескерткiштерi туралы ең алғаш хабарлаған адам Дүние жүзiндегi халықтар сияқты түркi халықтарының да өздерiне тəн
даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбiр тайпа, халық, ұлт тарихсыз болмайды.
Əрбiр халық ұлт болып қалыптасу үшiн талай тарихи кезеңдердi басынан
өткiзедi. Түркi тайпалары халық ретiнде дүние жүзiне бiздiң дəуiрiмiздiң VI
ғасырының орта кезiнен бастап -ақ белгiлi бола бастады. Түркi тайпадары
туралы құнды деректердi бiз Батыс Европадағы Византия материалдарынан
көбiрек кездестiремiз. Бұлармен қатар түркi халықтары туралы қыруар
мəлiметтердi бiз сол түркi тайпаларының өздерi жасап артында өшпес мұра
етiп қалдырған жазба туралы жазылған деректер аз емес.