Бердібектің əкесінің аты − Ыдырыс. Ыдырыс Аманбайдың үлкен ұлы. Аманбай ақсақал өзінің кіші інісі Соқпақбайды кішкене кезінен бауырына салып бала етіп алады. Соқпақбайдың ғұмыры қысқа болып, онан Сатылған атты жалғыз ұл қалады, соңынан əйелі Əпсетті əмеңгерлік жолымен Ыдырысқа қосады. Əпсет − Ыдырыстан Бердібекті дүниеге əкеліп, Сатылғанға серік болсын деп оны Соқпақбаев етіп жаздырады.